Депутат Ринат Зайыттың анасы Роза Сүлейменова дүниеден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Ринат Зайыт бауырымыздың анасы қайтыс болды. Асылынан айырылған досымның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жаназа намазы да, жерлеу рәсімі де Семей қаласында өтетінін айта кетейін (сұрап жатқандар үшін)», – деп жазды ол.