Руфина үйден інісімен бірге шыққанымен, мектепке бармаған және қайта оралмаған. Оқиға 1 желтоқсан күні болды. Туыстарының айтуынша, 2011 жылы туған Руфина қара куртка, көк шалбар, мектеп формасы және қызыл кроссовка киіп шыққан.
Бейнебақылау камералары қыздың інісімен бірге үйден шығып, өзен жаққа қарай бет алған сәтін түсіріп алған. Осыдан кейін оның қайда кеткені белгісіз.
Ата-анасы полицияға жүгініп, қызды көрген немесе қандай да бір ақпарат білетін қала тұрғындарынан 8778 287 07 82 нөміріне хабарласуды сұрайды. Іздеу шаралары жалғасып жатыр.
Баян Жанұзақова, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ