Жобаның жаңалығы көп

2025 жылы Мәдениет және ақпарат ми­нис­трлігінің және «Азаматтық бас­тама­ларды қолдау орталығы» КЕАҚ қол­дауымен Ұлттық волонтерлік желі Kazakhstan for Animals жобасын жүзеге асырды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомство атап өткендей, жобаның мақсаты – жануарларға жауапты әрі гумандық көзқарасты насихаттау және зооволонтерлік мәдениетті дамыту. Жобаға Қазақстанның 20 өңірінен 1 612 азамат қатысты. Бастама аясында жеті мектепте волонтерлік клубтар ашылып, серіктес ұйымдармен бірге 20-дан аса іс-шара ұйымдастырылды.

– Волонтерлердің мүмкіндіктерін арттыру мақсатында базалық білім беру бағдарламасы әзірленіп, оған қатысқан 886 адам оқуды аяқтады. Сонымен қатар бастама аясында жануарларға қам­қорлық тақырыбында балаларға арналған кітаптардың, комикстер мен анимациялық туынды­лардың авторлары арасында шығармашылық бай­қау ұйымдастырылды. Бастама Қазақстанда зооволонтерлік қозғалысты ілгерілетуге және жануар­ларға қамқорлық мәдениетін нығайтуға ба­ғыт­талған тағы бір маңызды қадам болды, – делінген хабарламада.

Ә.САМАТҰЛЫ