Мәжіліс депутаты Ринат Зайыттың анасы өмірден өтті, – деп жазды Aikyn.kz.
Бұл туралы депутат Мақсат Толықбай әлеуметтік желіде жазды.
«Ринат Зайыт бауырымыздың анасы қайтыс болды. Асылынан айырылған досымның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жаназа намазы да, жерлеу рәсімі де Семей қаласында өтетінін айта кетейін, сұрап жатқандар үшін», - деді Мақсат Толықбай.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.