БҚО-да колледж студенттері жанжал кезінде бір-бірін пышақтап, ауруханаға түсті

Олардың бірі – 17 жаста, екіншісі – 18-ге толған.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, студенттер арасындағы жанжалға қатысушылар анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Олардың бірі – 17 жаста, екіншісі – 18-ге толған.

– Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабымен (денсаулыққа қасақана орташа ауыр зиян келтіру) қылмыстық іс қозғалды. Екі студент те қазіргі уақытта ауруханада ем қабылдап жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Куәгерлердің айтуынша, оқиға кеше кешкісін Абай даңғылы бойында орналасқан колледж жатақханасының маңында болған. Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.