Associated Press агенттігінің хабарламасына сүйенген Aikyn.kz америкалық президенттің медициналық тексеру нәтижелерін нақтылайды.
«Егер сіздер оның жариялануын қаласаңыздар, мен оны жариялаймын», – деген президент журналистерге. Оның айтуынша, МРТ нәтижелері «мінсіз» болған.
Ақ үй әзірге Трамптың өткен айдағы медициналық тексеріс кезінде неліктен МРТ жасағанын және оның денесінің қай бөлігіне МРТ жүргізілгенін хабарлаудан бас тартты.
Президенттің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливиттің айтуынша, президент Walter Reed атындағы Ұлттық әскери-медициналық орталығында «жоспарлы медициналық тексеруден» өткен. Осы тексерудің бір бөлігі ретінде «кеңейтілген бейнелеу» жасалған. Нәтижелер Трамптың «тамаша физикалық күйде» екенін көрсеткен.
Жексенбі күні журналистерге Трамп денесінің қай бөлігіне МРТ жасалғанын «мүлде білмейтінін» айтты. «Бұл жай ғана МРТ болды. Қай дене бөлігі? Бұл ми емес. Өйткені мен когнитивтік қабілеттерге арналған тестен «өте жақсы» нәтижемен өттім», – деді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.