«Жылдың үздік нокауты болады»: боксшы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегіне қатысты шұғыл мәлімдеме жасады

42 жастағы Эрисланди өткен жылы Дэнни Гарсияны мерзімінен бұрын жеңіп, содан бері рингке шықпаған. Ал Жәнібек қатарынан төрт жекпе-жекте қарсыластарын нокаутпен жеңіп жүр.

Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы тәжірибелі Эрисланди Ларамен өтетін біріктіруші жекпе-жекте өте әсерлі нокаут жасауға ниетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Лара менің деңгейімдегі боксшымен рингте жолықпағанымды айтты. Жарайды, менің де айтарым бар. Ол да менің деңгейімдегі боксшымен кездескен жоқ. Мен жылдың ең үздік нокауты үшін бара жатырмын!»,-деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салсақ, Әлімханұлы мен Лара арасындағы жекпе-жек 6 желтоқсанда АҚШ-та өтеді. Кубалық боксшы орта салмақта WBA чемпиондық белбеуінің иегері.

42 жастағы Эрисланди өткен жылы Дэнни Гарсияны мерзімінен бұрын жеңіп, содан бері рингке шықпаған. Ал Жәнібек қатарынан төрт жекпе-жекте қарсыластарын нокаутпен жеңіп жүр.