Мәслихаттар оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін 2%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев хабарлады. Аталған шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Тек Қарағандыда бұл шара 44 мыңға жуық ШОБ өкілдерін қамтиды.
Бұл жұмыс Президенттің шағын және орта бизнес үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды жасау жөніндегі тапсырмасы шеңберінде іске асырылуда.
– Біз кәсіпкерлердің күрделі жағдайда жұмыс істейтінін жақсы түсінеміз. Осы орайда оларға қолдау білдіру аса маңызды. Біз үшін бұл бірреттік акция емес. Екі жыл бұрын біз елімізде бірінші болып бөлшек салық мөлшерлемесін төмендетіп, оң нәтижеге қол жеткіздік. Кәсіпкерлер көбейіп, бюджетке келіп түсетін түсімдер өсті. Бұл бизнесті қолдау шараларының әруақытта нәтижелі болатынын растайды. Осы орайда жұмыс орындарын ашып, Қарағанды облысының дамуына үлес қосып жүрген барлық азаматтарға алғыс білдіремін. Барлық сұрақтар бойынша кәсіпкерлер палатасына төмендегі мекенжай бойынша хабарласуға болады, – делінген хабарламада.
Қарағанды, Тәттімбет көшесі 709, Мемлекеттік және сервистік қызметтер Орталығы, 2-қабат. 8712504055 karaganda@atameken.kz