Әлеуметтік желілерде коуч ретінде танымал Мәрзия Бекайдардың подкастынан алынған бір үзінді қызу талқыға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Тараған видеоға тек қазақстандықтар ғана емес, көршілес мемлекеттердің де желі қолданушылары алаңдаушылық танытты.
Әсіресе, пікір қалдырған әйелдер тарапынан қатты наразылық байқалды.
Үзіндіде мынадай сөздер айтылады:
«Сені тәрбиелеп, саған қатал бола алатын күйеу – Алланың жіберген нығметі. Қатал мінезді күйеу – үлкен сый».
Бұл тұжырым қоғамда үлкен сынға ұшырап, пікір білдірушілер наразылықтарын жасыра алмады. Желідегі жазбаларда:
«Ересек әйелді біреу тәрбиелеуі керек дегенді қайдан шығарады?», «Мыналар не айтып отыр өзі?», «Өздерін алдап жүр», «Бұл қай ағым?», «Күйеу әйеліне керісінше мейірімді болу керек қой», – деген сынды пікірлер басым болды.