UFC жауынгері Арман Царукян өзінің неге титулдық жекпе-жексіз қалғанын айтты

Аталған кездесу жеңімпазы қазіргі чемпион Илия Топуриямен кездесуге тиіс. Топурия жеке себептерге байланысты уақытша спорттан үзіліс алған.

Жеңіл салмақта UFC рейтингінде бірінші орында тұрған ресейлік файтер Арман Царукян UFC 324 турниріне қатысты өз пікірін білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Еске сала кетейік, бұл кеш аясында британдық Пэдди Пимблетт пен америкалық Джастин Гейджи арасында уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өтетіні жарияланған. Аталған кездесу жеңімпазы қазіргі чемпион Илия Топуриямен кездесуге тиіс. Топурия жеке себептерге байланысты уақытша спорттан үзіліс алған.

Бұл жаңалыққа орай Арман Царукян әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Мұны қалай ұғуға болады, түсіндіріңіздерші!», –  деп жазды.

 

Айта кетейік, соңғы жекпе-жегінде Арман жаңазеландиялық Дэн Хукерді екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.