Қазақстан шаңғы жарысынан әлем кубогы кезеңін бастады

Әлем кубогы аясында әйелдер арасында 10 шақырым қашықтыққа жекелей жарыс ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда Финляндияның Рука қаласында шаңғы жарысынан әлем кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр, – деп жазды Aikyn.kz.

Әлем кубогы аясында әйелдер арасында 10 шақырым қашықтыққа жекелей жарыс ұйымдастырылды.

ҚР ҰОК мәліметінше, Швеция спортшысы Фрида Карлссон жеңіске жетті. Норвегия өкілі Хэйли Венг мәреге екінші болып келді. Үшінші орынды тағы бір швециялық Моа Илар алды.

Қазақстандық спортшылардың нәтижесі төмендегідей:

- Анна Мельник - 65-орын;

- Дарья Ряжко - 71-орын;

- Надежда Степашкина - 72-орын;

  • Ангелина Шурыга - 77-орын