Қазақстандық продюсер әрі әртіс Баян Алагөзова Instagram парақшасына Пхукетте түскен суретін салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазір 51 жастағы Баян Мақсатқызы Таиландта демалып жүр.
«Күн батқанда әрдайым әдемі кадрлар шығады», – деп жазды ол.
Жазба әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Пікір қалдырушылар продюсердің керемет дене бітімін атап өтіп, оның жасы өткен сайын одан әрі сымбаттана түсетінін жазды. Кейбір пікірлерде ғана оны сынаған.
«Мұндай мүсін – үлкен еңбектің нәтижесі», «Ғажап сұлулық!», «Керемет!», «Әдемі әйел, бірақ мынауы үйлеспей тұрған сияқты», «Бәрібір үлкен екені көрініп тұр», – деп жазды желі қолданушылары.