Көгілдір отынмен қамтылды

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында Шымкент қаласының Қызылжар-2 шағынауданына табиғи газ жеткізілді.

Биыл көктемде қала әкімі Абай ауданы тұрғындарымен өткізген көш­пелі кездесуде Қызылжар-2 шағынау­данының халқы ең өзекті мәселе ретінде инженерлік инфрақұрылымның жоқ­ты­ғын көтерген болатын. Жергілікті тұрғындар ұзақ жылдар бойы ауызсудың тапшылығын тартып, электр энергиясы мен газ берудің тұрақсыздығын айтып шағымданған. Бұл өз кезегінде көгілдір отынды жекеменшік көздерден пайда­лануға тәуелділіктен туындағаны айтылған.

Кездесу қорытындысы бойынша, қала әкімі шағынауданға қажетті инже­нерлік коммуникацияларды қысқа мер­зімде жеткізуді тапсырды. Нәти­жесінде, жобаның бірінші кезеңінде ауызсу жүйесі, электр желілері және газ құбыры тартылды. Осылайша, тұрғын­дар заманауи инженерлік инфрақұры­лымға қол жеткізді.

Қазір 265 үй тұрақты ауызсумен және электрмен қамтамасыз етілген. Табиғи газ желісіне қосу жұмыстары да аяқталды. Жаңартылған инженерлік желілер шағынаудандағы тұрмыс сапа­сын жақсартып, қауіпсіздік деңгейін арттырады.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұр­ғындарды толыққанды инженерлік инфрақұрылымға қосылуымен құттық­тап, мердігер мекемеге жұмысты уақы­тында және сапалы атқарғаны үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, жыл соңына дейін Шымкент қаласының газбен қамтылу деңгейі 98 пайызға жетеді.

Елнар ЕЛТАЙ