Алматыда белгілі кәсіпкер алаяқтық бабы бойынша ұсталды

Ведомствоның ресми өкілінің мәліметінше, Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы Алматы Полиция департаменті растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ресми өкілінің мәліметінше, Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті қазір Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамауда отыр.

— Соттың шешімімен оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Басқа мәліметтер Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес жария етілмейді, — делінген хабарламада.