Жүректің саулығын тілесеңіз, какао ішіңіз...

Какаоны үзбей ішсе, ағза магний, цинк және В дәрумендерімен байи түседі.

Какао десе, тортқа қосатын қосынды ойға оралады. Оның денсаулыққа пайдасынан гөрі, зияны көп боп көрінеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әйтсе де, бұл қате түсінік екен. Күніне 1-2 кесе какао ішсе, жүректің ғана емес, қан тамырдың жұмысын жақсарта түседі. Онда да оны қант қоспай, сүтте дайындаған дұрыс. Бастысы сапалы какаоның ұнтағы түйіршіксіз, ашық қоңыр түсте болуы тиіс.  

Ал егер какаоның үзбей ішсеңіз, ағзаңызды магний, цинк және В дәруменімен байыта түсесіз. Соның арқасында бойыңызды шаршаңқылық, әлсіздік билемейді.