«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдікті несие алуға өтінім енді Amanatnesie.kz платформасында онлайн қабылданады. Бұл туралы Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сервисте көрсетілген ақпаратқа сәйкес, өтінімді толтыруға шамамен 10 минут қажет, ал оны қарау мерзімі – 15 жұмыс күні.
Еске сала кетейік, «Ауыл аманаты» бағдарламасының негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттыру және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау. Бағдарлама бойынша қаржыландыру жылдық 2,5% мөлшерлемемен беріледі, несие мерзімі – 5-7 жыл. Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер 2,5 мың АЕК-ке дейін, ал кооперативтер 8 мың АЕК-ке дейін несие ала алады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.