АҚШ-пен стратегиялық ынтымақтастық бағыттары талқыланды

Астанада Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов пен Қазақстандағы АҚШ-тың уақытша сенімді өкілі Дебора Робинсон арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығын атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Санжар Жаркешов жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі үшін АҚШ-қа алғыс білдіріп, Қазақстан мен АҚШ арасындағы энергетикалық диалогты дамытудағы тұрақты серіктестікті атап өтті.

Кездесуде Chevron және ExxonMobil компанияларымен табысты ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Бірлескен жобалар ірі мұнай-газ кен орындарын игеруден бастап, геологиялық барлау, газ инфрақұрылымын кеңейту және өндірістік қуаттарды арттыру сияқты бірқатар бағытты қамтиды.

Сонымен қатар экспорттық-логистикалық мәселелер мен көмір өнеркәсібіндегі ынтымақтастық перспективалары, соның ішінде көмір химиясын дамыту тақырыптары талқыланды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.