Ғылыми қалалардың тұжырымдамасы қаралды

Үкіметке 2025-2035 жылдарға арналған Ғылым қалаларын құру және дамыту тұжырымдамасы ұсынылды.

Құжат ғылым қалаларын дамытудың негізгі бағытын анықтап, қалыптастыру модельдерін, институционалдық даму шараларын, ғылым мен бизнесті интеграциялау тетіктерін, сондай-ақ ресурстық базаны қалыптастыру тәсілдерін қамтиды.

Тұжырымдама ғылым қала­шығын құруды көздеді және оның құрылымына технопарктер, ин­жинирингтік орталықтар, конс­трукторлық бюролар, робот­тандыру орталықтары, сондай-ақ зертханалар мен R&D-алаңдар кіреді. 

Премьер-министрдің орынба­сары – ұлттық экономика ми­нистрі Серік Жұманғариннің төрағалы­ғымен өткізілген кеңес­те ғылыми қала мәртебесін алуға қабілетті аумақ­тарды анықтау үшін өңір­лердің ғылыми-техни­калық және әлеу­мет­тік-эконо­микалық әлеуе­тіне кеш­енді тал­дау жүргізу жос­парланды. Ғы­лымды құрумен және дамытумен маман­дандырылған орган – Бас­қару­шы компания айна­лы­сады. 

Ғылым қалаларын құруды ресур­­с­тық қамтамасыз ету кәсіп­керлік сектордың жеке инвести­циялары, МЖӘ тетіктері және екінші дең­гей­дегі банктердің қа­ра­жаты есебінен бол­жанады. Қаржыландыру инфра­құры­лым­ды, жоғары оқу орындары­ның кампустарын, зертханалар мен ғылыми қалалар орталықтарын құруға бағытталады. Халықаралық қаржы институттарын тарту мүм­кіндігі қарастырылуда. 

Білім, ғылым және бизнестің ин­теграциясын күшейту үшін кә­сіпо­рын­дардың қатысуымен ғылыми-инновациялық сессиялар өткізу, ма­ман­дандырылған инжи­нирингтік орта­лықтарды, конс­трук­торлық бюро­ларды, робот­тандыру орталық­тарын дамыту, ғылыми-технология­лық техно­парктер мен тех­нологиялар транс­фері орта­лықтарын құру ұсын­ылады. 

Тұсаукесер қорытындысында вице-премьер Серік Жұманғарин Ғы­лым және жоғары білім ми­нистр­лігіне Тұжырымдаманың барлық ба­ғыты бойынша ныс­а­налы индика­торларды егжей-тег­жейлі пысық­тауды және оларды қайта қарауға ұсынуды тапсырды.