Павлодар облысында жұмысшыны ток соғып, оқиға орнында көз жұмды

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті жазатайым оқиғаны тергеуді ұйымдастырып жатыр.

Жуырда ғана, яғни 22 қарашада «Богатырь көмір» ЖШС-да 31 жастағы электр слесарін ток соғып, салдарынан жұмысшы оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті жазатайым оқиғаны тергеуді ұйымдастырып жатыр. Соның нәтижелері бойынша болған оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталады.

«Богатырь көмір» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды. Компания қайтыс болған жұмысшының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі.