«Әлемнің көз алдында болып жатқан әділетсіздікке біз үнсіз қала алмаймыз» - Ердоған

Бұл жайлы Түркия басшысы G20 саммитінде айтты

Президент Режеп Тайип Ердоған G20 саммитінен кейін өткен баспасөз мәслихатында Түркияның Палестина халқының мүддесін барлық алаңда табанды қорғайтынын айтты. Ол Газа тұрғындарының құқықтары мен әділеттілігін қорғау – Түркияның бұлжымас ұстанымы екенін атап өтті.

Ердоған Оңтүстік Африка Республикасының апартеидке қарсы күрес тәжірибесін ерекше бағалап, Палестина мәселесіне көрсетіп отырған тұрақты қолдауын құнды деп атады. Газаға жасалған зұлымдық кезінде ОАР-дың үнсіз қалмай, әділет үшін күреске қосылуын маңызды шешім ретінде бағалады.

Түркия басшысы Израильге қарсы Халықаралық сотқа берілген геноцид ісінде Оңтүстік Африканың батыл ұстанымын мақтап, бұл позицияны бүкіл әлемге үлгі деп көрсетті. Сонымен бірге, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екенін жеткізді.