«Рингке оралуым әбден мүмкін»: Головкин World Boxing президенті болса да кәсіби мансабын аяқтамағанын айтты

Нақты шешім қабылданбаған.

Бүгін Геннадий Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланды Спорт Шредингера Telegram-арнасының мәліметінше, боксшы кәсіби мансабын аяқтау туралы сауалға былай деді:

«World Boxing қандай позицияда тұрғанын анықтау керек. Қазір бізде барлық құжаттар мен жалпы жағдайды толық зерттеуге мүмкіндік бар. Солдан кейін әрекет етеміз. Қанша уақыт алатынын көрейік.

Қазіргі боксшы ретіндегі жағдайым: мен бас тартпаймын, мансабымды аяқтадым деп жарияламаймын. Көрерміз, уақыт көрсетеді.

Қоштасу жекпе-жегі ме? Ол әрқашан күн тәртібінде. Сондықтан жігіттер, сол қоштасу жекпе-жегі үшін жұдырығыңызды түйіп қоя беріңіздер!»