Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады

Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды, – делінген құттықтауда.