Астанада тұрғын үйлердегі электр қуаты қалпына келіп жатыр

Бұған дейін астаналықтар қаладағы электр жабдығының болмауына байланысты шағымданған.

"Астана-РЭК" АҚ-ның жедел қызмет бригадалары РП-217 нысанындағы электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмысын жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әкімдік мәліметінше, қазіргі уақытта мынадай нәтижелерге қол жеткізілді:

– 15:15-де бес трансформаторлық қосалқы станцияға электр қуаты берілді, нәтижесінде бес тұрғын үй кешенінің жарығы қалпына келтірілді.

– 16:50-де қосалқы станциялардың біріне дизель генераторлық қондырғы (ДГҚ) қосылды.

– Тағы төрт трансформаторлық қосалқы станцияға ДГҚ қосу жұмысы жалғасып жатыр. Қалған көпқабатты үйлерге де жарық беру бойынша қалпына келтіру шаралары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.