Турнирдің екінші матчында Қазақстан Қытайды 5:1 есебімен ойсырата жеңді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Шайбаларды салған ойыншылар:
-
Максим Мусоров («Торпедо»)
-
Степан Александров («Торпедо»)
-
Батырлан Мұратов («Барыс»/«Номад») – дубль
-
Артур Ғатиатов («Номад»)
Бұған дейін бірінші ойында біздің команда Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен ұтқан болатын. Осылайша Қазақстан құрамасы екі турдан кейін максималды 6 ұпай жинап, турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр.
Қазақстан – Азия чемпионатының қазіргі жеңімпазы. Алғашқы турнир 2024 жылы Алматыда өткен.
Бұл чемпионат Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) ресми күнтізбесіне енгізілген.