«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполов ұсталды

Дереккөз мәліметінше, Есполов екі күн бұрын Астанада Қаржы мониторингі агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен операциясы барысында ұсталған.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполов ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Дереккөз мәліметінше, Есполов екі күн бұрын Астанада Қаржы мониторингі агенттігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен операциясы барысында ұсталған.

Айдос Есполов — «Еуразиялық технологиялық университеті» мен  Alatau Asset Management Company  компаниясының негізін қалаушылардың бірі ретінде танымал.

Еске салайық, 2025 жылдың сәуір айының соңында Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи «Астана ЭКСПО-2017» компаниясындағы қаржы жымқыру ісіне қатысты мәселені көтерген еді.

 

Сол кезде ұлттық компанияның бұрынғы басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Омаровтың мәлімдемелері жарияланып, Есполовтың кеңесші қызметінде жүргенде пара алғаны айтылған. Алайда тергеу құжаттарында ол ресми түрде тек «анықталмаған тұлға» ретінде ғана көрсетілген.