Ризабек Айтмұхан ақтық сында қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанжығалады

Жерлесіміз 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жерлесіміз 97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Ризабек ақтық сында ирандық Амир Али Азарпирамен күресті. Тартысқа толы белдесуде Иран спортшысы 5:0 есебімен жеңіске жетті. 

Ал қазақстандық балуан жарысты екінші орынмен аяқтады.