Қазақстандағы Яндекс такси серіктестері 2025 жылдың 10 айында 521,8 миллиард теңге табыс тапқан

2025 жылдың 10 айында Қазақстандағы Яндекс Go-мен серіктестікте жұмыс істейтін жүргізушілер мен таксопарктердің жалпы табысы 521,8 млрд теңгені құрады. Бұл шамамен 1 миллиард АҚШ долларына тең.

Сондай-ақ аталған көрсеткіш 2024 жылдың балама кезеңімен салыстырғанда 71,8 миллиард теңгеге артық,  өткен жылы ол 450 млрд теңгеге тең болған еді. Ал Яндекс Go серіктестерінің 2024 жылды толық алған кездегі табысы 555 млрд теңге болды. 

Бұл цифрлар Go (Такси) сервисі аясында («Қалааралық» бағытты қоса алғанда) есептелген табысты көрсетеді. Оған жүргізушілер мен таксопарктерге орындалған сапарлар үшін берілген төлемдер кіреді. 

Сондай-ақ 2025 жылы жүргізушілердің бір сағатта табатын орташа табысы 2024 жылға қатысты алғанда 8,6%-ға, ал 2023 жылмен салыстырғанда 15%-ға артқан. Ал жүргізушілердің орташа рейтингі 4,9-ға тең. 

Осыған дейін Yandex Qazaqstan платформалық жұмыспен қамту жобасының аясында 108 мың жүргізуші мен курьер жеке кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы хабарлаған болатын. Жекелей алғанда, компанияның бұл серіктестері үшін бюджетке 8,3 миллиард теңге көлемінде қаражат салық және әлеуметтік алымдар ретінде төленді. 

Платформалық жұмыспен қамту жобасы салық органдарының, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі және Яндекс Go интернет-платформасының қатысуымен жүзеге асырылып жатыр.