Атырау қалалық соты 17 қараша күні Яна Легкодимованы айуандықпен өлтіргені үшін Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Қатимовты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сот үкіміне сәйкес, олар жазаларын Қостанай облысы Жітіқара қаласынан 25 шақырым жерде орналасқан «Қара бүркітте», яғни аса жоғары қауіпсіздік деңгейіндегі түрмеде өтейді. Бұл мекеме – Қазақстандағы өмір бойына сотталғандарды қабылдайтын екі түрменің бірі. 2004 жылдан бері бұл түрмеде осындай санаттағы қылмыскерлерге арналған арнайы бөлім жұмыс істейді.