Оқиға 19 қараша күні кешке Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Шамамен 30 метр биіктіктен астыққа құлап кеткен 34 жастағы кәсіпорынның тасымалдаушы қызметкері сол жерде қаза тапты. Жедел жәрдем қызметкерлері оның асфиксиядан (тұншығудан) қайтыс болғанын растады.
«19 қарашада Ақжар ауданындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінде элеваторға құлап кеткен 34 жастағы жұмысшы әйел қайтыс болды. Еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуына байланысты полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр», – делінген ресми хабарламада.