Полиция Қаңтар оқиғасында ұрланған атыс қаруын тапты

Алматы қаласының Жетісу ауданында Жансүгіров көшесінің бойындағы Үлкен Алматы каналының жанындағы бос ғимараттың ішінде тегіс ұңғылы 12 калибрлі атыс қаруы табылды.

Алматы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасы мен жедел тергеу тобы және прокуратураның сотқа дейінгі тергеу басқармасы Қаңтар оқиғасында жоғалған атыс қаруын тапты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Табылған атыс қаруын криминалдық және ұрланған қарулар базасынан сериялық нөмірімен тексеру барысында жоғалған қару екені расталды. 2022 жылдың 5 қаңтарында Қаңтар оқиғасы кезінде аталған қару Алматыдағы Сейфуллин көшесіндегі "Оружейник" дүкенінен жоғалған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.