София Ақтаева - Ислам ойындарының күміс жүлдегері

Биыл София жасөспірімдердің әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленген.

Сауд Арабиясында өтіп жатқан Ислам Ынтымақтастығы ойындарында семсерлесуден бірінші жүлде түсті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

София Ақтаева шешуші сында Алара Атмакамен (Түркия) чемпиондық атақты сарапқа салып, өте шиеленісті өткен кездесуде 13:15 есебімен жол берді.

Айта кетейік, жылдың басында София жасөспірімдердің әлем кубогы кезеңінде тарихи алтын медальді жеңіп алған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.