Жастар саясатындағы жүйелі іс

Қонаев қаласында «Заң үстемдігі – ел тұрақтылығының кепілі» тақырыбында жастармен кездесу өтті.

Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының мәлімдеуінше, бұл шара елдің болашағына кесел келтіретін нашақорлық, есірткі саудасына қарсы күресті күшейтуге және жастар арасындағы қауіпті жайттардың алдын алуға бағытталды.

Мемлекет басшысы халыққа Жол­дауында ел ішінде «Заң мен тәр­­­­тіп» қағидатын берік орнықтырып, бі­лімді де парасатты азаматтардың үлесін арт­тыру арқылы әділетті қоғам қа­лып­тастыру қажет екеніне тоқталды. Пре­зи­дент өз үндеуінде жаңалыққа ашық, мә­де­ниеті жоғары, ой-өрісі кең ұлт қана өр­кендейтінін атап өтіп, бұл тұрғыда жас­тардың рөлі айрықша екенін баса айт­ты.

Осы бағыттағы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Алматы облысында жас буын арасында құқықбұзушылықтың ал­дын алу бойынша ауқымды шаралар қол­ға алынуда. Қазір өңірдің білім беру ұйым­дарында құқықтық мәдениетті ны­ғай­туға арналған кездесулер, семинар-тре­нингтер тұрақты түрде өткізіліп келеді. Со­нымен қатар мектеп инспекторлары мен психологтардың профилактикалық жұ­мысы күшейтіліп, кәмелетке тол­ма­ғандар арасындағы тәуекел топтарын анықтау және олармен жеке жұмыс жүр­гізу жүйелендірілген.

Жастар ресурстық орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдар да бұл бастамаға белсенді атсалысып, құ­қық­тық сауаттылықты көтеру, кибермәдениет пен қауіпсіз интернет дағдыларын дамыту бағытында жаңа жобаларды іске асыруда. Бұдан бөлек, өңірде спорттық, шығар­ма­шылық және волонтерлік іс-шаралар кеңей­тіліп, жастардың бос уақытын тиім­ді өткізуіне мүмкіндік жасалуда.

Жалпы, атқарылып жатқан жұмыстар – Президент Жолдауында айқындал­ған басымдықтарды жүзеге асыруға, яғни қо­ғамда заңға құрметпен қарайтын, жаңа­шыл, мәдениеті жоғары жас ұрпақты қа­лыптастыруға бағытталған кешенді сая­сат­тың маңызды бөлігі. 

– Бұл жұмыстар жастар арасындағы құ­қықтық сауатты арттыру мен қоғамдық тәртіптің, азаматтардың заңдарды сақтау маңыздылығын түсінуіне бағытталған. Заңсыз әрекеттерге теріс көзқарас қа­лып­тастыру мақсатында нәтижелі кездесулер өңірдің өзге де аудандарында өткізілуде. Онда да осы бағытта жастарға терең ой са­латын сала майталмандары шақы­ры­луда. Мұндағы мақсат – жастарды бар­лы­ғына ортақ заңға бағынып, тәртіпті болуға ба­ғыттау, – дейді Алматы облыстық жас­тар ресурстық орталығының бөлім бас­шы­сы Еркебұлан Жақан.

Басқосуға ішкі істер органдарының ардагері Нұрғанат Қуанышбеков арнайы шақырылып, жас буынмен еркін форматтағы сұхбат құрды. Алматы об­лы­сында жиырма жылға жуық қызмет ат­қа­рып, өңірдің қауіпсіздігі мен дамуына өз ең­бек үлесін қосқан ардагер жастармен кез­десу барысында кәсіби тәжірибесін бө­лісті. Ол қатысушыларды қандай да бір құ­қыққа қайшы әрекеттерден бойын ау­лақ ұстап, заңды құрметтеуге шақырды. Сондай-ақ құқықбұзушылыққа қарсы тұратын берік ұстаным қалыптастырудың жолдарын түсіндіріп өтті. 

– Бұл салада ұзақ жыл қызмет еттім. Жас­тарға айтар басты кеңесім – заңға құр­мет танытып, әрдайым талапқа сай әре­кет ету. Құқыққа қайшы қадамдар адам­ның болашағына үлкен нұқсан кел­тіреді. Жас ұрпақтың дұрыс бағытта қа­лыптасуына аға буынның ақылы мен тә­лімі қажет. Сон­дықтан осындай мазмұнды кездесулер жиі ұйымдастырылып тұрғаны жөн, – деп атап өтті Нұрғанат Қуаныш­беков.

Шара барысында спикер тақырыпты жан-жақты ашып, жастарды теріс әре­кет­терден сақтануға үндеді. Кездесу жас буын­ның құқықтық сауатын арттыруға және жауапкершілік мәдениетін нығай­туға елеулі ықпал етті.

Көктем ҚАРҚЫН