Ауылдардың дамуына жағдай жасалады

Қарашаның үшінші жексенбісі елімізде Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні ретінде аталып өтіледі.

Осы мереке қарсаңында Қарағандыда «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мен Фермерлер одағы кең көлемде салтанатты іс-шара өткізді. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен іс-шара жылдың жарқын қорытындысы болды.

«AMANAT» партиясының Қара­ғанды облыстық филиалы ұйымдас­тырған кең форматты іс-шараға 600-ден астам адам қатысты. 

Құрметті қонақтардың арасында ауыл шаруашылығы саласының арда­герлері, облыстық мәслихат депутат­тары, шаруашылық басшылары, фер­мер­лер қауымдастығы мен өңдеу өнеркәсібінің өкілдері болды. 

«AMANAT» партиясының Қара­ғанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков салтанатты жиында ауыл шаруашылығының дамуына жағ­дай жасала беретінін атап өтті. 

– Бүгін біз алғаш рет осындай үлкен және маңызды іс-шараны толығымен жұмыс істейтін адамдарға – аймағымыз бен бүкіл еліміздің азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз ететіндерге арнап өткізіп отырмыз. Ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау, өңдеуді дамыту және жұмыс орындарын нығайту «AMANAT» партиясының негізгі бас­ым­дықтарының бірі. Біздің міндетіміз – тек алғыс білдіру ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласының одан әрі өсуі мен дамуы үшін нақты жағдайлар жасау, – деді.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерін Қарағанды облысы әкімінің орынба­сары Руслан Кенжебеков те арнайы құттықтады. 

– Ауыл шаруашылығы – аймақтың тұрақты дамуының негізі. Бүгінде біз фермерлеріміз бен мамандарымыздың жұмысының нақты нәтижелерін көріп отырмыз, олар инновацияларды ен­гізуді, өнімділікті арттыруды және өнім сапасын жақсартуды жалғастыруда. Мұндай іс-шаралар өте маңызды, себебі олар саладағы әрбір табыстың артында тұрған адамдардың шынайы құнды­лығын көрсетеді, – деді ол. 

Іс-шараның демеушісі, облыстық мәслихат депутаты, «Шанс» шаруа қожа­лығының басшысы және Қара­ғанды облысының фермерлер одағының төрағасы Игорь Жабяк салада мүмкін­діктер жасалып жатқанын баяндады. 

– Бүгінгі мереке ауыл тұрғындары­ның орасан зор еңбегін мойындайды. Мен бұл маңызды іс-шараны қолда­ғаныма қуаныштымын. Қарағанды облысының фермерлері күн сайын тиімді жұмыс істей алатынын, иннова­циялар енгізе алатынын және елді жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз ете алатынын көрсетеді. Біз ауыл шаруа­шылығын дамытуды жалғас­тырамыз, жерде жұмыс істейтіндер үшін жаңа мүмкіндіктер жасаймыз, – деп атап өтті.

Жиында «Үздік жылқышы», «Үздік картоп өсіру технологы», «Үздік агро­ном», «Үздік комбайншы», «Үздік шо­пан», «Үздік құс өсіруші», «Үздік сау­ын­шы», «Үздік өсімдік шаруашылығы», «Үздік мал дәрігері», «Үздік тракторшы» аталымында жеңімпаздар марапатталды. 

Ауыл шаруашылығы жетістігін көрсетуге арналған көрмеге облыстағы аудан мен қалалардан келген кәсіп­керлер өз өнімдерін ала келген екен.

– Теміртау қаласынан 2021 жылы Бұқар жырау ауданына қарасты Бай­мырза ауылына жолдасым Нұрсұлтан екеуіміз кәсіп бастау үшін көшіп келдік. «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 2,5 пайызға несие рәсімдедік. Сол 8 мил­лион 500 мың теңгеге 15 бас сиыр сатып алдық. Өзімізде 5 сиыр болған еді. Сонымен, 20 сауын сиыр сауып, бүгінгі күні ірімшік, қайнатылған ірімшік, сары май, құрт, көже құрт, қаймақ, сыр, айран, сүт өнімдерді сөреге қойдық. Өзіміздің тұрақты сатып алушыларымыз да бар. Таза, қолдан жасалған өнімдер, – дейді жас кәсіпкер Ақерке Абдуллаева.

Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ,

Қарағанды облысы