Жұлдызай Ысқақова «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Бұған дейін ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.

Жұлдызай Амангелдіқызы Ысқақова ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жұлдызай Ысқақова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Саясаттану» мамандығын оқыған. Философия ғылымдарының докторы, PhD. 

Бұған дейін ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды. 

Одан бөлек, ол – қоғамдық негізде жұмыс істейтін ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары.