Түркістан облысындағы 12 адамның қазасы: желіде қара жамылған отбасының видеосы тарады

Сол қаза тапқандардың арасындағы бір келіншектің желідегі парағында соңғы видеосы тарады.

Күні кеше Түркістан облысы Алғабас ауылында алапат өрттен 12 адам қаза тапқан еді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Сол қаза тапқандардың арасындағы бір келіншектің желідегі парағында соңғы видеосы тарады.

Үй иесінің келіншегі Динара Қадірбекқызының видеосы көпшілікті жылатты. Онда оның соңғы туған күнін тойлап жатқанын көруге болады. Сондай-ақ оның парақшасында сүндет тойды тойлап жатқанын салған видеолары да бар.

Көпшілік қайғылы оқиғаға байланысты аза тұтып, қара жамылған отбасына қайғыра көңіл айтып жатыр.