Оқушыларға арналған Президенттік олимпиада басталды

Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша олимпиада 3 кезеңнен тұрады.

Астана қаласында еліміздің 11 (12)-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша ХVІІІ Президенттік олимпиадасы өтуде, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Олимпиаданың мақсаты – математика, физика, химия және биология пәндерінен қабілетті және талантты оқушыларды анықтау, оларды әрі қарай зияткерлік дамытуға және кәсіби бағдарлауға жағдай жасау. Сонымен қатар оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндерге қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету көзделген.

Сайыс 3 кезеңнен тұрады. Бірінші (өңірлік) кезең – 2025 жылғы 6 қазанда өтті, оған 3544 оқушы қатысты. Ал екінші іріктеу кезеңіне 414 оқушы қатысып, екі кезеңнің нәтижесінде 201 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды. Финалдық дода 17-21 қараша аралығында жүреді.

Олимпиада қорытындысы бойынша, жеңімпаздар мен жүлдегерлер Оқу-ағарту министрлігінің I, II және III дәрежелі дипломдарымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.