«Басқаны құтқарып, өзің бізді тастап кеттің...»: желіде бақилық болған фельдшерді туысы жоқтады

Бұл туралы ол Threads парақшасында жазды.

Елордада тұрғын үй қасбетінің кірпіш қаптамасы құлап, алған жарақатынан көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның қайын әпкесі келінін жоқтап жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы ол Threads парақшасында жазды. 

"Жап-жарық жұлдызым, аппақ келінім, мына өмірге сыймай кеттің-ау. Аллам өзі алып кетті-ау арамыздан. Жарқ етіп жанған жұлдызым-ау… Өміріңді қиып басқаны құтқарып өзің бізді тастап кеттің-ау тіл қатпастан, бір ауыз сөзге де келмей… Аллам, Жәннаттың төрінен орын берші… Алланың ісіне көнеміз басқа амал бар ма? Біз сенімен мақтанамыз, сен батырсың!", - деді марқұмның жақыны Назерке Зейнел. 

Желі қолданушылары қайғыға ортақтасып, түрлі пікір жазды.