«Құқықтық дәріхана» тұрғындарға көмек береді

Елорданың Mega Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында «Құқықтық дәріхана» заңгерлік акциясы өтті.

Іс-шара Астана қаласының прокуратурасы мен қала әкімдігінің «Заң және тәртіп» нарративі негізінде ұйымдастырылған. Акция мақсаты – қала халқының белсенділігін, құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәселелерді шешуге көмектесу.

– «Құқықтық дәріхана» акциясы жыл бойы өтеді. Бұдан бұрын ойын-сауық ор­та­лықтарында әр жұма сайын ұйым­дас­тырдық. Тұрғындардың мәселесін тың­дап, құқықтық көмек көрсетеміз. Қала хал­қы мемлекеттік органдардың қол­дауы­мен денсаулық, білім беру, жұмыспен қам­ту, тұрғын үй алу, қала экологиясы, құ­рылыс-сәулет сынды түрлі саладан кө­мек алуына, шағым білдіруге, кеңес сұ­рауы­на болады, – дейді Астана қаласы про­курорының аға көмекшісі Айгерім Өмір­зақова.  

Халық көп жүретін орталықтарда ак­ция­ның жиі өтуі, расымен де, қуанышты жағ­дай. Қызығушылық танытқан мектеп оқу­шылары да, жас та, қария да осы маң­нан табылды. Қала әкімінің орынбасары Есет Байкен акцияға арнайы қатысып, аза­маттардың сан сауалын жекелей тың­дады. Бұл орайда зейнеткер Мұрат Спан­құлұлы дәрі-дәрмектің бағасы шарықтап тұрғанын жеткізді. Акцияда бұл мәселені қозғаған халықтың қарасы да мол.

– Дәрі бағасы бірнеше есе қымбат­та­ған. Мысалы, протезге жағатын «Корега» кре­мін бұрын 1 100 теңгеге алатынмын, ал қазір бағасы 3 есе өсті. Әкімдік ми­нистр­лікке хат жазып, бірлесе жұмыс ат­қара­тынын, кейін тұрғындарға хабар бе­ре­тінін айтты, – дейді Мұрат Спанқұлұлы.

Акция алаңынан мемлекеттік орган­дар­мен қатар Отбасы банк кеңесшілерін де көзіміз шалды. Банк кеңесшісі Шынар Маратқызы үй алуға қатысты мүмкін­дік­терді көбі білмейді дейді.

– Акция аясында мемлекеттік бағ­дар­ламалар арқылы үй алу жөнінде сұрайтын жұрттың қатары айтарлықтай көп. 2025 жыл­дан бастап атында баспанасы жоқ кез кел­ген азамат Отбасы банктің сайты ар­қы­лы тұрғын үй кезегіне тұра алады. Ке­зек­ке тұрып, мемлекеттік бағдарлама ар­­­­қылы баспана алуға мүмкіндіктер бар. Қазір «5-10-20», «Наурыз», «Наурыз жұ­мыс­кер» сынды бағдарламалар жөнінде кеңес беріп жатырмыз. 

Кеңесшінің айтуынша, студенттер де мем­лекеттік бағдарламаларға қатыса ала­ды. Енді студенттер «Наурыз» бағдар­лама­сы­на қатысуына болады, егер студент грант­та оқыса, шәкіртақысы да табыс көзі ре­тінде қаралады.

Ал Білім басқармасы басшысының оры­нбасары Серік Әділбаевтың айтуын­ша, бүгінде елордадағы үш ауысымды мек­тептердің мәселесі реттелген. Қазір тұр­ғындардың көбін балабақша мәселесі ойландырып тұр. 

Тұтынушылардың құқығын қорғау ода­ғының төрағасы Еркін Қалиұлы да ха­лықтың өтініш-тілегін арқалап, мәсе­лені реттеуге келгенін жеткізді. Мәселе бірден реттеле қоймайтын сыңайлы, сол үшін әкім қабылдауына да жазылған. 

– Әлеуметтік салада талқылайтын мә­­­­­селе де, қояр сұрағым да көп. Әкімнің де қабылдауына жазылдым. Тұтыну­шы­лар­дың арызы көп, мысалы дүкен кассасы тауарға чек бермейді. Мұндайда тұтыну­шы­лар өз ауданына қарасты салық коми­те­тіне арыз жазу керек екен. Кейбір тұ­тынушылар тауарды қайтара алмайды, ол кез­де полиция шақыру керек, кейде по­ли­ция да келмейді. Негізінде, «Тұтыну­шы­лар заңы» бойынша көмек көрсетілу ке­рек. Осы мәселелер жөнінде прокура­тура мамандарымен сөйлестім, – дейді Е.Қалиұлы.

Мемлекеттік органдар екі сағатқа со­зыл­ған акция аясында елорда жұртының қаншама арыз-шағымын тыңдап үлгерді. Ма­мандар қажет жағдайда жазбаша да өті­ніштерді қабылдап, өзекті мәселелердің ті­зімін жасады. Енді мәселелер ретімен ше­шімін тапса, нұр үстіне нұр болмақ. Ак­цияның бір артықшылығы, кеңес алуға ал­дын ала жазылудың керегі жоқ, бәрі қарапайым әрі тегін өтеді. Прокуратура елор­да тұрғындары мен қонақтарын мүм­кіндікті тиімді пайдалануға шақырады. 

Айсұлу СЪЕЗХАН