«Қақпашыңыз тамаша ойнады!»: Бельгияның бас бапкері Темірлан Анарбековке ерекше баға берді

Тартысқа толы ойында Темірлан Анарбеков сан мәрте қарсыластың қауіпті соққыларын тойтарып, кездесудің басты қаһарманына айналды.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының соңғы іріктеу турнирінде Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Бельгия құрамасына қарсы матч өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тартысқа толы ойында Темірлан Анарбеков сан мәрте қарсыластың қауіпті соққыларын тойтарып, кездесудің басты қаһарманына айналды.

Ойыннан кейін Бельгия құрамасының бас бапкері қазақстандық қақпашының шеберлігіне ерекше тоқталды.

“Бірінші таймда жасанды алаңға үйрену бізге қиын болды. Дегенмен екінші таймда ойын тізгінін қайта өз қолымызға алдық. Кімнің көп шабуыл жасағанын көрген боларсыздар… Сіздердің қақпашыларыңыз тамаша ойнады. Қақпашыларыңызға рақмет айтыңыздар”, –  деді Бельгия құрамасының бас бапкері.