Египет виза рәсімдеу құнын екі есеге дейін көтеруге ниетті. Жаңа заң жобасы елдің өкілдер палатасымен мақұлданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Енді әр транзиттік виза үшін 20 доллар қосымша төлем алынады.
Егер заң қабылданса, визаның құны қазіргі 25 доллардан 45 долларға дейін көтеріледі. Мұндағы мақсат – Египеттегі дипломатиялық өкілдіктер, елшіліктер мен консулдықтардың ғимараттарын жаңарту болмақ.
Ал Туристік палаталар федерациясы биліктен бұл жобаны тоқтатуын сұрап отыр, себебі мұндай өзгеріс туризмге кері әсер етуі мүмкін.