17 жастағы Дастан Сәтпаев тағы да рекорд жаңартты

17 жастағы футболшы ЧМ-2026 іріктеу матчы аясында Астанада өткен ойында Бельгия құрамасына өз алаңымызда соққан алғашқы голын тіркеді.

"Қайрат" футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев кеше Бельгия қақпасына гол соғып, Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас гол авторы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

17 жастағы футболшы ӘЧ-2026 іріктеу матчы аясында Астанада өткен ойында Бельгия құрамасына өз алаңымызда соққан алғашқы голын тіркеді.

Сәтпаев кездесудің 10-минутында есеп ашып, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы рекордын жаңартты.

Ал Талғат Байсуфиновтың баптаған ойыншылары әлемнің үздік құрамаларының бірі саналатын Бельгиямен өткен тартысты матчты 1:1 есебімен аяқтады.

Сонымен қатар бұл Сәтпаевтың Қазақстан құрамасы сапындағы екінші рекорды. Бұған дейін ол ұлттық команда тарихындағы ересектер құрамына шақырылған ең жас ойыншы ретінде танылған еді.