Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде ел аумағында қатты пайдалы қазбалардың бес жаңа кен орны анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.
Соның арқасында алтын қоры – 98 тоннаға, мыс – 36 мың тоннаға, ал марганец 11 миллион тоннаға артқан.
Қазір Қазақстан бойынша пайдалы қазбалардың 103 түрі мен шамамен 10 мың кен орны мемлекеттік есепке алынған.
2024 жылы аяқталған барлау жобалары аясында 104 мың шаршы шақырым аумақ зерттеліп, 38 перспективалы учаске анықталды. Олардың қатарында сирек жер, түсті және асыл металдарға бай нысандар бар.