Атыраудағы жол апатынан 4 адам ауруханаға түсті

Оқиға орнындағы видеолар әлеуметтік желілерде тарады.

Атырау облысында Доссор-Құлсары автожолының 77-шақырымында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға орнындағы видеолар әлеуметтік желілерде тарады.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қараша күні шамамен сағат 12:40-та Құлсары қаласынан шыға берісте тіркелген.

Hyundai Elantra көлігінің 2000 жылы туған жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Camry көлігімен соқтығысқан.

«Жол апатының салдарынан 1984 жылы туған Toyota Camry жүргізушісі Бейнеу ауданынан Атырауға бет алған, сондай-ақ көліктегі үш жолаушы әртүрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», – делінген полиция хабарламасында.