Палата басшылары кездесу өткізді

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Қа­зақстан Парламентінің депутаттары бүгін Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өткен ТМД Парла­ментаралық Ассамблеясының отырысына қатысты.

Сапар аясында парламенттік делегация Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Сондай-ақ Сенат Төрағасы Парламентаралық Ассамб­лея алаңында ТМД ПАА-ға қатысушы елдердің Пар­ламенттері палаталарының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.

Мәулен Әшімбаев Тәжікстан басшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәле­мін жеткізіп, бүгінде қазақ-тәжік қарым-қатынасы екіжақты ынты­мақтастықтың барлық саласында белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Осыған байланысты ол жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асыруға жәрдемдесу екі ел Парла­менттері депутаттарының маңыз­ды міндеті екеніне назар аударды.

Сенат Төрағасы ТМД Парла­мент­аралық Ассамблеясының отырысына қатысушыларға ілти­пат білдіріп, осы жылдар ішінде ұйым диалог, заңнамалық баста­маларды іске асыру және елдер арасындағы сенімді нығайту үшін тиімді алаңға айналғанын тілге тиек етті.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазан айында ТМД мемлекеттері басшыларының кеңесінде атап өткендей: «Біздің мақсатымыз ортақ – Достастықты жасампаз­дық пен өрлеудің, жаңа идеялар мен мүмкіндіктердің кеңістігіне айналдыру». Тәуелсіз мемлекеттер достастығы – халықтарымыздың болашағы үшін өзара сыйлас­тық­ты, сенім мен ортақ жауапкерші­лікті сақтау институты ретінде қажет ұйым. Осы ретте ТМД Парламентаралық Ассамблеясы аясындағы бірлескен қызметіміз мемлекет басшылары айқындап берген негізгі басымдықтардың жарқын көрінісі екені анық. Сондай-ақ мұндай қадам дәстүрлі мәселелерден бөлек, жасанды интеллектіні реттеу, цифрлық құқықтарды қорғау және басқа да көптеген өзекті мәселелерді қам­тиды. Бұл – ТМД өзінің қажетті­лігін сақтап қана қоймай, жаңа шындыққа бейімделе отырып, белсенді дамып келе жатқанды­ғының нақты дәлелі. Достастық­тың 35 жылдығы қарсаңында осындай үрдіс аса маңызды», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ палата Спикері Достастық аясындағы ынтымақ­тастық мәдениетаралық және дінаралық диалогты нығайтуға деген өзара құрмет пен ұмтылысқа табан тірейтінін атап өтті. Осыған орай ол Қазақстанда өткен Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­ларының VIII съезі қорытын­дыларына кеңінен тоқталып, әріп­тестеріне ТМД елдерінің деле­гациялары аталған форумға жоғары деңгейде белсенді қатыс­қаны үшін алғыс білдірді.

Мәулен Әшімбаев ТМД елдері Парламенттері палаталарының басшыларына Қазақстанда елдің демократиялық дамуы жолындағы жауапты қадам болып саналатын алдағы парламенттік реформа туралы айтып берді.

«Келесі жылдың басында біз қазақстандық парламентаризм тарихындағы маңызды кезең – Қазақстан Республикасының қазіргі Парламентінің 30 жылды­ғын атап өтеміз. Қазақстан Парла­ментінің мерейтойы дамудың жаңа және маңызды кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің қыркүйек айындағы Жол­дауында бірпалаталы Парла­ментке көшуді көздейтін парла­мент­тік реформа жүргізуді ұс­ын­­ды. Бұл бастама – Қазақ­стан­ның өкілді институттарды нығайту және тиімді заңнамалық билік қалып­тастыру жөніндегі дәйекті сая­саты­ның қисынды жалғасы. Осы мәселе бойынша түпкілікті шешім 2027 жылы өтетін жалпыұлттық референ­думда қабылданады», – деп Сенат Төрағасы алдағы бір­лескен жұ­мыстың нақты бағыт­тарына тоқталды.

ТМД ПАА алаңында Қазақ­стан бастамашы болған «Отбасы­лық-тұрмыстық зорлық-зомбы­лық­қа қарсы іс-қимыл туралы» модельдік заң мақұлданды. Айта кетейік, аталған құжат Қазақстан­дағы заң шығару қызметінің оң тәжірибесі ескеріле отырып ұсын­ылған еді. Бұл заң әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге тың серпін берген маңызды қадам болды.

Іс-шара барысында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Құспан Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдарының федерациясына ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы байқаушы мәртебесін беру туралы сөз сөйледі. Қазақ­стан Парламенті Сенатының депутаты Ольга Булавкина отырысқа қатысушыларға жерге орналастыру туралы модельдік заңдар, парниктік газдар шыға­рындыларын шектеу туралы ай­тып берді. Сондай-ақ ол ұлттық заңнамада пайдалану үшін ТМД ПАА-ға қатысушы мемлекеттердің Парламенттеріне жіберілген ТМД-ға қатысушы мемлекеттер үшін жер қойнауы және жер қой­науын пайдалану туралы модель­дік кодекске енгізуге арналған өзгерістерге де назар аударды.

Мәулен Әшімбаев ТМД ПАА алаңында Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты кездесу өткізді. Онда тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының маңызды мәселелерін және Қазақстан Президентінің Ресейге мемлекеттік сапарының қоры­тын­дыларын талқылады. Қол жеткізілген келісімдер сауда-эко­номикалық, энергетикалық, көлік және гуманитарлық сала­лар­дағы көпжоспарлы ынтымақ­тастықты нығайтуға бағытталғаны сөз болды. Қазақстан Парла­ментінің Сенаты мен Ресей Феде­ралды Жиналысының Федерация Кеңесі арасындағы ынтымақ­тастық жөніндегі комиссияның белсенді жұмысы, оның екі елдің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша қабылдаған шаралары да әңгімеге арқау болды.

Палата Спикерінің Тәжікстан Республикасы Маджлиси Оли Маджлиси милли Төрағасы Рустами Эмомалимен кездесуі барысында көпқырлы ынтымақ­тастықты, парламентаралық байланыстар мен өңірлік өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне баса мән берілді. Тараптар саяси диалогты кеңейту, сауда-эконо­микалық байланыстарды дамыту, бірлескен жобаларды іске асыру үшін сауда-экономикалық, мә­дени-гуманитарлық, цифрлық салалар, жасанды интеллект және білім беру бағыттары қосымша мүмкіндіктер беретінін айтты. Мәулен Әшімбаев Қазақстан бұл бағыттағы ынтымақтастыққа дайын екенін тілге тиек етті.

Беларусь Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің Төрағасы Наталья Кочановамен кездесуде Қазақстан мен Беларусьтің сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ын­ты­мақтастығы, сондай-ақ көп­жақты алаңдар аясындағы өзара іс-қимыл перспективалары тал­қыланды. Сұхбат кезінде Қазақ­стан Парламентінің Сенаты мен Беларусь Республикасы Ұлттық Жиналысының Кеңесі арасын­дағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия жұмысының нәтиже­леріне мән берілді. Одан бөлек, парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуға арналған бірқатар нақты практикалық қадамдар жан-жақты сөз болды.