"Аталатсаң аталат, боталатпа…": әнші Ердос Қанаев жантебірентер жазба жариялады

Өнер иесі жанына жақын жандарға деген сағынышын жеткізді.

«Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев марқұм әкесі мен дүниеден өткен ұлы туралы жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі жанына жақын жандарға деген сағынышын жеткізді.

«Сағынғанымнан ғой... Енді мен үшін тек естелік болып қаласыздар – әке, ұлым! Маған ең ыстық жандар мына өмірдің парақтарын жауып, ақыреттің есігін ашып кете барды. Қазақта «Аталатсаң аталат, боталатпа» дейтін сөз бар еді. Онысы мәңгілік ешкім жоқ, тек балаң өсіп, буыны бекіп, көз алдыңда шүлдірлеп, өсіп-өнсін дегені екен ғой. Тағдыр... Алла маған екеуін де айтуды жазған екен. Көнесің... Разылықпен көндім Алланың жазмышына. Өйткені Алла көркем, Алланың ісі де көркем. Біз мұсылмандар осыған бұйырылғанбыз. Көңіліме тыныштық сыйлайтыны Ұлым Ибраhим а.с пайғамбармен Сара анамыздың жанында. Ертең ақыретте Алла сол баланы ата-анасына шапағатшы қылып жібереді екен. Әкем бес уақыт намазын, отыз күн оразасын, хаж амалымен кете барды», - деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.