Алматыда 21 жастағы жігіт әлеуметтік желідегі пікірінде «жарылыс жасаймын» деп жазғаны үшін ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл хабарламаны желі қолданушылары байқап, «102» нөміріне жіберген. Одан кейін Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жазбаның авторын жедел анықтады. Ол – 2004 жылы туған қала тұрғыны болып шықты. Жігіт полиция бөліміне жеткізілді.
Полиция мұндай әрекеттердің әзіл ретінде қабылданбайтынын еске салды. Айтуларынша, желіде «жай ғана жазылған» кез келген қауіп төндіру – нақты қауіп ретінде бағаланады және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.