Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі көмекшісі Мұрат Нұртілеу Қытайдың бірқатар негізгі мемлекеттік органдарының басшылығымен, соның ішінде Сыртқы істер министрлігі, Сауда министрлігі және Ұлттық даму және реформалар комитеті (ҰДРК) басшыларымен кездесулер өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі, ҚКП ОК Сыртқы істер жөніндегі комиссиясы хатшылығының басшысы, Қытайдың сыртқы істер министрі Ван Имен болған кездесуде М.Нұртілеу екі ел көшбасшыларының жетекшілігімен екіжақты қатынастар сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.
Қазақстан бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дәйекті түрде ілгерілетуге, «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге және екі елдің мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайтуға ниетті.