Әнші Ерке Есмахан оқырмандарына ескерту жасады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі өзінің атын пайдаланып, адамдарды алдайтын алаяқтардан сақ болуға шақырды.
«Оқырмандарымнан ескерту көп келіп жатыр. Менің бұл ойынға түк қатысым жоқ. Ешкіммен бұлай сөйлеспедім, еш жерден бұлай ақша алмадым. Сенбеңіздер. Алданып қалмаңыздар, мұқият болыңыздар. Алаяқтарда ар-ұят жоқ, өтірік нәрсені жіберіп, адамдарды алдап жатыр», - деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.