«Жертөледе қайтыс болмады»: Арман Дүйсеновтің әйелі композитордың өліміне қатысты пікір білдірді

Оның айтуынша, сазгер жертөледе емес, зауытта көз жұмған.

Белгілі сазгер, марқұм Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызы “TalkLike” бағдарламасына берген  сұхбатында композитордың өліміне қатысты сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, сазгер жертөледе емес, зауытта көз жұмған.

“Маған Калелхан Иманмәди қоңырау соғып, “Арманның жағдайы нашар” деп зауытқа тез жетуімізді сұрады. Не болғанын сұрағанымда “Жедел жәрдем келе жатыр, тез жетіңіздер” деп айтты. Зауытқа жетсек, сыртта жедел жәрдем тұр екен. Ұлымыз екеуміз фельдшерлермен екінші қабатқа көтеріліп едік, сөйтсек, Арманның бетін жауып тастаған екен. “Не болды?” деп сұрағанымда жүрегі тоқтап қалды деп айтты. Ол ешқандай жертөледе көз жұмбады, бұл тіркелген. Зауыт екі қабаттан тұрады, зауыттың аумағында студия жоқ. “Арман бұл жерге не үшін келді? Бұл студия емес қой” деп сұрап едім, “Осы жердегі балалармен таң намазына дәрет алды, балалар сапқа тұрған кезде, ағасының сапқа тұрмай, диванда жатып қалғанын көріпті. Оятқан кезде тұрмаған екен” деген жауап алдым”, – дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.