«Қазақтың Робин Гуды» атанған Ілияс Сариевтің қанша ақшаны бәс тігуге жұмсағаны белгілі болды

Бұл туралы сот отырысына қатысқан Руслан Өтепбай жазды

Журналист Руслан Өтепбай блогер Ілияс Сариевтің сотында болып жатқан жайттар туралы жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ақтоты Дүйсееваның айтуынша, Ілияс Сариев қажылыққа жиналған ақшаның бір бөлігін бәс тігуге жұмсаған.

Дүйсеева телефонынан "1xBet" деп аталатын букмекерлік кеңсеге Сариевтің бірнеше рет ақша аударғанын дәлел ретінде көрсетті.

"Бәс тігуге кеткен жалпы сомма: 4 миллион 130 мың теңге!" -деп жазды журналист.